2024 жылдың ақпан айында қазақ тілінде оқыған алғашқы сарапшылар тобының сертификаттау рәсімі өткізілді.
Сондай-ақ,
2024 жыл ECERS-3 шкаласының қазақ тіліне аударылуымен ерекшеленді
[шкаланы сатып алу]. Аударма 2022 жылы Ұлттық сапа зерттеуі аясында Балалардың ерте дамуы институтының бастамасымен жүзеге асырылды.
ECERS-3 шкаласының қазақ тіліне аударылуы халықаралық ғылыми терминологияны енгізудің маңызды кезеңі болды. Бұрын мұндай терминология қолданылмаған, ал бұл қадам Қазақстанда мектепке дейінгі білім беруде ғылыми негізделген тәсілдерді таратуға үлкен үлес қосты.