ECERS дегеніміз не?

ECERS – Early Childhood Environment Rating Scale / Баланың ерте жастағы қоршаған ортасын бағалау шкаласы / Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру сапасын кешенді бағалау шкаласы
  • Әлемнің 40-тан астам елінде қолданылады

  • Сапаны бағалаудың сенімді құралы

ECERS шкаласы 1980 жылы Солтүстік Каролина штаты Университетінің (АҚШ) ғалымдары мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын бағалау үшін әзірленген. Бұл шкала балабақшаның сапасының әртүрлі аспектілерін зерттеудің негізінде құрылған.

Шкала ақпараттың негізгі көзі ретінде бақылауға сүйенеді және ерте жастағы балалардың дамуын кешенді түрде қарастырады. Ол физикалық, әлеуметтік, эмоциялық және танымдық салаларды, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтиды. Шкала материалдық ортаны, балалардың бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынасын, сондай-ақ өзара тәуелді факторлардың бірлігі ретінде оқыту процесін бағалайды. Материалдық жабдықталудың сапасы (құрылымдық) ғана емес, сонымен қатар үдеріс сапасы (балалармен өзара әрекеттесу) да бағаланады. Бұл шкала 3-5 жас аралығындағы балалар топтарындағы сапаны бағалау үшін қолданылады.

2015 жылы ECERS-3 шкаласының үшінші (қазіргі) басылымы жарық көрді, онда топтағы өзара әрекеттесуге, педагогтың рөліне және оқу іс-әрекетінде материалдарды қолдануға көбірек назар аударылды. Қазіргі уақытта авторлар тобы келесі редакцияны дайындау үстінде, ол 2026 жылы жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Шкала 6 кіші шкаланы қамтиды және
35 көрсеткішті (468 индикаторды) бағалайды:

Кеңістік пен жабдықтар

1. Бөлме ішіндегі кеңістік
2. Күтім жасау, ойнау және білім алуға арналған жиһаз
3. Бөлменің ойнау және білім алуға жайластырылуы
4. Оқшаулануға арналған кеңістік
5. Балаларға арналған көрнекі материалдар
6. Ірі моторика ойындарына арналған кеңістік
7. Ірі моториканы дамытатын жабдықтар
Балаларға күтім жасау тәртібі
8. Тамақтану
9. Дәретхананы қолдану/жөргек ауыстыру
10. Денсаулық сақтау шаралары
11. Қауіпсіздік сақтау шаралары
Сөйлеу және сауаттылық
12. Балаларға сөз қорын байытуға көмектесу
13. Балаларды сөйлеуге ынталандыру
14. Қызметкерлердің балалармен бірге кітап қолдануы
15. Балаларды кітап қолдануға ынталандыру
16. Қаріптермен танысу
Білім алу белсенділіктері
17. Ұсақ моторика
18. Өнер мен айналысу
19. Музыка және қозғалыс
20. Текшелер
21. Рөлдік-сюжеттік ойындар
22. Табиғат/Ғылым
23. Математикалық материалдар мен белсенділіктер
24. Күнделікті өмірдегі математика
25. Сан таңбаларын түсіну
26. Әртүрлілікті қабылдауға ынталандыру
27. Техникалық құралдарды дұрыс қолдану
Өзара қарым-қатынас
28. Ірі моториканы дамыту кезіндегі қадағалау
29. Дербестендірілген оқыту және білім алу
30. Қызметкерлер мен балалардың өзара қарым-қатынасы
31. Балалардың құрдастарымен өзара қарым-қатынасы
32. Тәртіп
Бағдарлама құрылымы
33. Әрекеттер арасындағы ауысу және күту уақыты
34. Еркін ойын
35. Ойнау және білім алуға бағытталған бүкіл топтық белсенділіктер
Әрбір көрсеткіш келесі сапа деңгейлері бойынша бағаланады:
1 – қанағаттанғысыз
3 – минимал
5 – жақсы
7 - өте жақсы

1-деңгей қанағаттанғысыз сапа. Минималды сапа деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді салу қажет. Бұл материалдық-техникалық базаға, қауіпсіздікке, кеңістікті дұрыс ұйымдастыруға, сондай-ақ балалармен және балаларға деген қарым-қатынасқа қатысты.
3-деңгей минимал сапа. 25 минут бойы материалдардың қолжетімділігін (соның ішінде еркін ойынды), материалдар мен әрекеттер түрлерінің әртүрлілігін қамтиды. Сондай-ақ, тәрбиешілермен жағымсыз қарым-қатынастың болмауын және балалардың даму деңгейіне сәйкес әдістерді қолдануды көздейді.
5-деңгей жақсы сапа. Кемінде 1 сағат бойы еркін ойынды, қызығушылық орталықтарына жақсы ұйымдастырылған және жоспарланған көптеген әртүрлі материалдарды қамтиды. Балалар үшін мағыналы және қызықты әрекеттермен бірге тәрбиешілермен жылы әрі қолдаушы қарым-қатынасты көздейді.
7-деңгейөте жақсы сапа. Тәрбиешілердің жоғары кәсібилігі, материалдармен, орта мен балалармен тиімді жұмыс істей білуі. Балалардың дағдылары мен мүмкіндіктерін дамыту ойын оқиғаларын ұйымдастыру, байытылған орта құру және жеке қарқынмен даму мен оқу мүмкіндіктерін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Шкаланы қазақ тілінде сатып алыңыз

Әдістемелік құрал Хармс Т., Клиффорд Р., Крайер Д.: ECERS-3 (ЭКЕРС) Баланың ерте жастағы қоршаған ортасын бағалау шкаласы